3 қазан «Лавровка орта мектебі» КММ барлық сыныптарда Дүниежүзілік Жер бетіндегі хайуанаттар әлемінің тіршілік ету ортасын қорғау күніне арналған Республикалық Экологиялық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты табиғат ресурстарын қорғау және аялауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында мектеп оқушыларымен табиғат ресурстарының сақталуы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қорғалуы, туған өлкедегі су ресурстарының жағдайы туралы ашық әңгіме өткізіліп, сұрақтарға жауап алынды