Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз күні "Лавровка орта мектебі" КММ-де "Ұлттық киім" күніне арналған іс-шара өтті. "Ұлттық киім кию" челленджіне оқушылармен қатар ұстаздар да қатысты.