Математикалық есептерді шешу есте сақтау мен ойлауды дамытуға ықпал етеді, логика мен зейінді жаттықтырады. "Лавровка орта мектебі" КММ-де математика пәнінің мұғалімдері У.Ж.Раева мен Г.Х.Капарова 2-11 сынып оқушылары арасында "Қазақ есебі" атты челлендж өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың сыни және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ету.