Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады. «Лавровка орта мектебі" КММ-де мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Л.В.Гомилко және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А.Наубаева жетекшілігімен дайындық сыныбында "Төрт дос" атты қазақ халық ертегісін сахналау ұйымдастырылды. Ата-аналар ертегі кейіпкерлерінің маскаларын дайындап, қойылымға балалармен бірге қатысты.