Аға ұрпаққа қамқорлық жасау-әрқайсымыздың ар-ождан парызымыз. Мектебіміздің жақсы дәстүрлерінің бірі 16 қыркүйек күні өткен Қарттар күніне орай қайырымдылық сенбілік өткізу дәстүрі болды. Біздің әрқайсымыздың қасымызда қамқорлығымызды, қолдауымызды, назарымызды күнделікті қажет ететін қарттар мен мүгедектер тұрады.