Жеңіс күні - жыл сайын тоғызыншы мамырда тойланатын мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері көптеген жылдар өтті. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. Өйткені, біздің бақытымызға орай, бейбітшілікте туып, соғыстың қасіретін тартпадық. Біз, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерліктері туралы еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл мереке - тек ардагерлер мен соғыс балалары үшін ғана емес, біз үшін де мереке. Бұл күні біздің жүрегімізде бақыт, қуаныш сезімдері, ең бастысы - мақтаныш сезімдері бар. 9 мамырда Лавровка ауылында салтанатты түрде " Жүрегімізбен есімізде..." атты Жеңіс күніне арналған іс - шара өткізілді. Іс-шара барысында соғыс туралы өлеңдер мен әндер айтылды. Барлық ауыл тұрғындарын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған мерекемен мектеп директорының м.а. Г. А. Мукашева және "Лавровское" ЖШС басқарушысы Азамат Мұратұлы Қасымов құттықтады. Жиналған барлық ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқандарды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.