Lesson Study үшінші сабақ циклінің 4-сыныбындағы ашық ағылшын тілі сабағы.
5 сәуір күні "Лавровка ОМ" КММ-де Lesson Study сабақтарының үшінші циклынан 4-сыныпта ашық ағылшын тілі сабағына зерттеу жүргізілді. Ағылшын тілі мұғалімі Сәдуақас Айғаным Бақытбекқызы сабақтың кезеңдерін мұқият ойластырып, түсіндірме-иллюстрациялық және іздестіру, зерттеу әдістерін, мультимедиялық құралдарды пайдаланды. Оқушылармен жұмыстың әртүрлі формалары кеңінен қолданылды: топтық, жұптық, жеке. Сабақта бөлімнің лексикалық - грамматикалық материалын қолдана отырып, ағылшын тілінде оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды, сөйлеу әрекетінің келесі түрлері дамыды: тыңдау, сөйлеу, оқу. Білім алушылардың тәжірибесін, олардың жеке қарым-қатынасын өзектендіру үшін жағдайлар жасалды. Сабақ бір жағынан - бағдарламалық материалды саналы және берік игеруге, екінші жағынан - оқушылардың шығармашылық белсенділігін, олардың тапқырлығын, қызығушылығы мен өзектілігін дамытуға ықпал етті.