"Лавровка орта мектебі" КММ әкімшілігі 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа қабылдау басталатынын хабарлайды. 1 сәуірден 1 тамызға дейін мектеп Smartnation платформасында баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері өтініш бере алады. Қабылдау мәселесі бойынша 8(715)33-52-990 телефонына хабарласуға болады. Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс: 1.Оқушының жеке құжаты 2.Көк файл қалташасы 3.Фото 3х4 -2 дана 4.Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі 5.026/у-3 6 формасы бойынша денсаулық жағдайы туралы "Баланың денсаулық паспорты". 6.Форма 063/у (егу картасы)