"Лавровка ОМ" КММ-де мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Е. Сурмина Наурыз мейрамын мерекелеуге дайындық өткізу бойынша саптүзеу өткізді. Барлық мерекелік іс-шаралардың басталуы Көрісу(Амал) күні мерекесіне арналған жиын болды. Онда оқушылар Қазақстанда 14 наурызда атап өтілетін осы тамаша мерекенің салт-дәстүрлерімен танысты. Ежелгі уақытта бұл күн Жаңа жылдың басы болып саналды. Бұл күні тұрғындар бір-бірін көктемнің сәтті басталуымен құттықтап, жақсы тілектер айтады, туыстарымен және достарымен кездеседі. Бұл мерекедегі ең маңыздысы – "көрісу" дәстүрі-қол алысу. Бұл әрбір жақын адамға деген сый мен құрметті білдіреді.