Буллингтің таралуын анықтау және алдын алу бойынша сауалнама
"Лавровка орта мектебі" КММ-де әлеуметтік педагог И.В. Сычева 8-10 сынып оқушылары арасында білім беру ортасында буллингтің таралуын анықтау және алдын алу бойынша сауалнама жүргізді. Мектеп буллингінің профилактикасын жүргізу оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және білім берудің жоғары сапасын, білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ білім алушылардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік денсаулығын қорғауға және нығайтуға кепілдік беретін жайлы дамытушы білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.