"Өз балаңыз туралы не білуіңіз керек" деген тақырыпта аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық профилактикасы бойынша ата-аналар жиналысын өткізді.
Отбасы-баланың тәрбиесі мен дамуының негізі, адамның жеке басын, мінезін қалыптастыратын ата-аналар мен жақын адамдар. "Лавровка ОМ" КММ - де сынып жетекші Г. Х. Капарова "Өз балаңыз туралы не білуіңіз керек" деген тақырыпта аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық профилактикасы бойынша ата-аналар жиналысын өткізді. Аутодеструктивті мінез-құлық қазіргі уақытта кең таралған күрделі және қауіпті құбылыс. Бұл өмірге, физикалық немесе психологиялық денсаулыққа, адамның қалыпты дамуына қауіп төндіретін мінез-құлық. Жиналыстың мақсаты: ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру. Ата-аналармен "Менің баламның артықшылықтары мен кемшіліктері" тақырыбында сауалнама жүргізілді. Жадынамалар ұсынылып, ұсыныстар берілді.