"Лавровка ОМ" КММ - де бастауыш сыныптардың онкүндігін қорытындылады.
"Лавровка ОМ" КММ - де бастауыш сыныптардың онкүндігін қорытындылады. Оған оқудағы бастауыш кезеңінің барлық сыныптары, оның ішінде мектепалды даярлық сыныбы да қатысты. Бастауыш сыныптардың онкүндігі оны өткізу алдында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес ұйымдасқан түрде өтті. Пәндік онкүндікті өткізу бағдарламасы оқыту әдістемесінің әртүрлі формалары мен әдістерін көрсетті. Барлық мұғалімдер өздерінде жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерінің бар екенін көрсетті, шығармашылық атмосфера құрды және және әртүрлі дидактикалық материалдарды қолдана отырып, оқытудың белсенді түрлерін қолдана отырып, сабақтар мен іс-шараларды тиісті деңгейде өткізді. Бастауыш сыныптардың онкүндігі байқау қорытындысы бойынша оқушыларды марапаттауымен аяқталды. Бастауыш сынып онкүндігі шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасында өтті және бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысының жоғары нәтижелілігін көрсетті деп сеніммен айтуға болады.