"Лавровка ОМ" КММ-де Балалар кітабы апталығы аясында кітапханашы Ш.М. Копешова бастауыш сынып оқушыларына "кітапта қонақта" атты кітаптар көрмесін дайындап және 3 сынып оқушыларына Г. Х. Андерсеннің ертегілері бойынша суреттер байқауын өткізді. Балаларға арналған кітапханада, Сөрелерде кітаптар тұр қатарда. Алыңыз, оқыңыз және көп біліңіз, Кітаппен бірге шық сапарға. Ол үлкен әлемді ашады, Жәнеде шуақ нұрын шашады. Кітапты ұмытып кететін болсаң, Қараңғы түнекке қашады. Іс-шараның мақсаты: ертегілерге деген қызығушылықты дамыту, оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу,
"Лавровка ОМ "КММ-де "Қауіпсіз терезелер"акциясы аясында және балалардың үйдің терезелерінен құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты бастауыш сынып мұғалімі Е. Н.Савосина балалармен "Терезені жап үйде бала бар" тақырыбында әңгіме өткізді. Ол оқушыларға ата-анасы үйде болмаған кезде жүріс - тұрыс қауіпсіздігі ережелерін еске салды.Сонымен қатар "Қауіпсіз терезелер"стенді де безендірілді
5 сәуір күні "Лавровка ОМ" КММ-де Lesson Study сабақтарының үшінші циклынан 4-сыныпта ашық ағылшын тілі сабағына зерттеу жүргізілді. Ағылшын тілі мұғалімі Сәдуақас Айғаным Бақытбекқызы сабақтың кезеңдерін мұқият ойластырып, түсіндірме-иллюстрациялық және іздестіру, зерттеу әдістерін, мультимедиялық құралдарды пайдаланды. Оқушылармен жұмыстың әртүрлі формалары кеңінен қолданылды: топтық, жұптық, жеке. Сабақта бөлімнің лексикалық - грамматикалық материалын қолдана отырып, ағылшын тілінде оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды, сөйлеу
"Лавровка орта мектебі" КММ әкімшілігі 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа қабылдау басталатынын хабарлайды. 1 сәуірден 1 тамызға дейін мектеп Smartnation платформасында баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері өтініш бере алады. Қабылдау мәселесі бойынша 8(715)33-52-990 телефонына хабарласуға болады. Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс: 1.Оқушының жеке құжаты 2.Көк файл қалташасы 3.Фото 3х4 -2 дана 4.Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі 5.026/у-3 6 формасы бойынша денсаулық жағдайы туралы "Баланың денсаулық паспорты". 6.Форма 063/у (егу картасы)
Жыл сайын бүкіл әлем 1 сәуірде Халықаралық құстар күні - экологиялық мересін атап өтеді. "Лавровка ОМ" КММ-нің мектепке дейінгі даярлық және бастауыш сынып жетекшілері " Құстар туралы не білесіз?" атты тақырыпта әңгімелесу өткізді. Көркем еңбек мұғалімі К. Б. Мукашевтың жетекшілігімен 3 сынып оқушылары құстарға арналған жем-шөп қорапшасын дайындады. Аталған іс-шараның мақсаты: Оқушылардың құстар туралы, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі алатын орны туралы білімдерін кеңейту және бекіту. Оқушыларды табиғатқа, тіршілікке адамгершілікпен, ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні "Лавровка орта мектебі" КММ-де учаскелік полиция инспекторы А. Н. Ашкеев 5-10 сынып оқушыларына "Қауіпсіз жол" тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында оқушылар жолда жүру ережелерімен таныстырылды.
21 наурыз күні "Лавровка орта мектебі" КММ аумағында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті . Іс-шара "Лавровка" ЖШС директоры С.К. Қосжановтың құттықтауынан басталды, содан кейін барлық қатысушыларды мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Г. А. Мукашева құттықтады. Әр концерттік нөмір үшін мектеп оқушылары ЖШС басшысынан сыйлықтар алды. Айнала шаттыққа толы болып, жақсы тілектер айтылды. Мерекенің ең құрметті қонағы Қыдыр ата барлығына отбасыларына бақыт тіледі. Мерекенің сәні- спорттық іс-шаралар болды. Әр жеңімпаз "Лавровка" ЖШС директоры С.К.