Ежелден 14 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы болып саналған. "Лавровка орта мектебі" КММ-де Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында кітапханашы Ш.М.Көпешова "Көрісу күні-Амал мерекесі" атты іс-шара өткізді. Адамдар бір-біріне ұзақ өмір, зор денсаулық, шаңырақтарына береке-бірлік тілейді.
2024 жылдың 13 наурызы күні "Лавровка орта мектебі" КММ-де "Наурыз мейрамы" қарсаңында 5-7 сынып оқушылары арасында "Наурыз-көктем мейрамы!" атты сурет байқауы өтті. Әр сурет өзінің тарихымен ерекшеленеді. Сайыстың мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеу және соған баулу. <a class="x1i10hfl xjbqb8w x1ejq31n xd10rxx x1sy0etr x17r0tee x972fbf xcfux6l x1qhh985 xm0m39n x9f619 x1ypdohk xt0psk2 xe8uvvx xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x16tdsg8 x1hl2dhg xggy1nq x1a2a7pz xt0b8zv x1fey0fg xo1l8bm"
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында "Лавровка орта мектебі" КММ-де бастауыш сынып оқушылары арасында "Анаға күлкі сыйла!" атты сурет байқауы өтті.
2024 жылдың 12 наурыз күні "Лавровка орта мектебі" КММ-де директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа ережелерінің жобасын талқылау және түсіндіру бойынша мектеп мұғалімдерімен жиналыс өткізді.
2024 жылдың 11 наурыз күні "Лавровка орта мектебі" КММ-де кітапханашы Ш.М.Көпешева Наурыз мерекесіне арналған "Көктем мен Наурыз- жаңару мерекесі!" атты көрме әзірленді.
2024 жылдың 11 наурыз күні "Лавровка орта мектебі" КММ-де жаратылыстану-математикалық бағыты онкүндігі жоспарының іске асу мақсатында келесі мұғалімдердің басшылығымен У.Ж.Раева, Г.А.Мукашева, В.В.Лупанова оқушылар математика, информатика және биология пәндерінен қабырға газеттерін әзірледі. Балаларға логикалық есептер, сөзжұмбақ ұсынылды.
8 Наурыз – барша әйелдерді тамаша мерекемен құттықтайтын күн. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Лавровка орта мектебі» КММ-де 1-11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірлесіп дайындаған аналар мен әжелерге арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты: мерекелік атмосфераны құру; әйелдерге деген қамқорлық; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2024 жылдың 6 наурыз күні "Лавровка орта мектебі" КММ-де жаратылыстану-математикалық циклының онкүндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Г.Х.Капарова 10-11 сынып оқушыларына "Химия білгірлері" атты викторина өткізді. Іс-шараның мақсаты: химия пәніне деген қызығушылықты арттыру және оқу-ойын іс-әрекетінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру.