"Лавровка орта мектебі" КММ де педагог-психолог Г. X. Капарова 9 сынып оқушыларымен емтихандарға психологиялық дайындық бойынша сауалнама және тренинг өткізді
"Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру аясында кітапханашы Ш.М. Копешова Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай жоғары сынып оқушыларымен әдеби сағат өткізіп, "Мағжан Жұмабаев - қазақ әдебиетінің жұлдызы" атты көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Ұлы қазақ жазушысының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
2023 жылғы 18 мамырда "Лавровка ОМ" КММ-де "Саябақтар маршы-2023" бағдарламасын іске асыру аясында мектепті абаттандыру және көгалдандыру бойынша "Таза бейсенбілік" өтті. Іс-шараға оқушылар мен мектеп қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты: экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, табиғатқа және туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
# табиғатқақамқорлық # заботаоприроде # жасылмекен # еңбекқорлық # окуағарту 13 мамыр күні "Лавровка ОМ"КММ-де «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтті. Іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған. «Жасыл мекен» республикалық челленджі білім алушылардың еңбекқорлығы мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай кітапханашы Ш. М. Копешова "Биіктегі жеңіс туы" көрмесін рәсімдеп, "Ұлы Жеңістің даңқы үшін!» атты өлеңдер байқауын өткізді.
2023 жылдың 12 мамыры "Лавровка ОМ" КММ-де оқу эвакуациясы жүргізілді. Оқу-жаттығу шеңберінде білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 Нұсқаулық шеңберінде бекітілген Алгоритмдер пысықталды. ТЖ бойынша іс-шара барысында мектептің барлық қызметкерлері мен оқушылары эвакуация ережелеріне сәйкес әрекет етті.
Әр адамның мамандығын таңдау-оның жеке таңдауы. "Лавровка ОМ" КММ-де "Жоғары агротехникалық колледж"МКҚМ Чаглинка ауылының өкілдері 9-10 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша әңгіме өткізді. Олар оқушыларды мамандыққа негізделген таңдау қағидатымен таныстырды.